- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Өзбекстан азаматы Атырауда...
Өзбекстан азаматы Атырауда 4 жылдан бері құжатсыз жүрген
Фото:
polisia.kz
Атыраулық полицейлер елде 4 жылдан бері құжатсыз жүрген шетелдік азаматты анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау қаласы полиция басқармасының №6 учаскелік полиция бекетінің учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақты тексеру кезінде 2019 жылдан бері құжатсыз жүрген 33 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтаған.
Шетелдік азамат Қазақстанға төрт жыл бұрын еңбек етуге келгенін және құжаттарын белгісіз себептермен жоғалтып алғанын айтқан. Алайда құжаттарын іздеуді немесе жаңалауды ойламаған. Атыраулық полицейлер 34 жастағы шетелдікті қабылдау-тарату орнына орналастырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан