Астанада қыз терезеден құлап мерт болды

Астанада қыз терезеден құлап мерт болды
Фото: t.me/myastanacity

Астанада қыз тұрғын үй кешендерінің бірінің балконынан құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл оқиға туралы ақпарат Telegram арналардың бірінде пайда болды.

Қалалық полиция департаменті өкілі бұл жағдайды растады. Құқық қорғау органдары мәліметінше, оқиға Тұран даңғылында болған.

"Елорда полициясы Тұран даңғылы бойындағы тұрғын үй кешенінің балконынан құлаған қызға қатысты тергеу бастады. Жедел тергеу іс-шаралары өткізіледі. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция.

Тағы да оқи отырыңыздар: Неге жеті атаға дейін қыз алысуға болмайды?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова