Алматы облысында 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

Алматы облысында 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды
Фото: Instagram

Алматы облысында 3 жасар қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 қазанда Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкене қызына ауылдасы сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны айтып жүгінген.

Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Қылмыс жасады деген 40 жастағы ер адам ұсталды.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі және 121-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр (жас баланы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері). 1981 жылғы жәбірленушінің апасы саналатын күдіктінің әйелі де қамаққа алынды. Істі тергеу менің ерекше бақылауымда", - деп жазды Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева да Балқаш ауданындағы 3 жасар қыздардың зорлану дерегіне қатысы бар күдікті ұсталғанын жазды.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы жекеменшік мектептегілер 7 жасар қызды анасының рұқсатынсыз гинекологқа апарғаны хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Аяқ киімдегі жағымсыз иісті қалай кетіруге болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова