- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Астанада 8 қазанға...
Астанада 8 қазанға жоспарланған Максим Галкиннің концерті өтпейтін болды
Техникалық жұмыстарға байланысты Астанадағы Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" залында жоспарланған бірнеше концерт өтпейтін болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылғы қазанның 4-10 күндері аралығында "Астана су арнасы" МКК қала аумағында, соның ішінде "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" МКҚК орналасқан "Qazaqstan" орталық концерт залының маңындағы аумақта су құбыры желілерінде техникалық жұмыстар жүргізетіні хабарланған болатын.
Осы кезеңде су берілмейтініне байланысты "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" МКҰ" МКҚК әкімшілігі қонақтарды қабылдауға және бұл аралықта кез келген іс-шараны өткізуге мүмкіндік болмайтыны туралы хабарлайды.
Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" МКҰ-ның жоспарланған концерттері: 4 қазан - "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының солисі Әлихан Дүйсенбайдың концерті, 6 қазан - "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының солисі Айзат Қарабектің концерті, 7 қазан - "Қазақконцерттің жас таланттары" концерті болмайды.
Сонымен қатар, 8 қазанға жоспарланған Максим Галкин концертінің Ұйымдастырушысы техникалық жұмыстар жүргізілуі бойынша мемлекеттік органның актісіне сәйкес, туындаған жағдай туралы ресми түрде хабарландырылғанын, Келісім-шартты біржақты бұзу туралы тиісті хабарлама жолданғаны хабарланды.
2023 жылғы қазанның 4-10 күндері аралығына жоспарланған концерттік іс-шараларға билеттердің сатылымы тоқтатылуы, сатылған билеттер қайтарылуы тиіс.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина