Тіс дәрігері жалбыз дәмі бар тіс пастасын қолданбауға кеңес берді

Тіс дәрігері жалбыз дәмі бар тіс пастасын қолданбауға кеңес берді
Фото: istockphoto.com

Көптеген адам таңдау ауыз қуысының күтіміне келгенде жиі кездесетін 2 қателік бар. Біріншісі қатты және қылшығының ұзындығы әртүрлі тіс щеткасы болса, екіншісі жалбыз дәмі бар тіс пастасы. Тіс дәрігері Виктория Шатаева неліктен мұндай таңдау жасамау керегін және дұрыс күтімнің қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қандай тіс щеткасын таңдау керек?

Ауыз қуысының күтімі ең алдымен тіс щеткасының дұрыс таңдалуынан басталады. Щетка таңдағанда қылшықтары кішкентай, "жұмсақ" немесе "орташа" қаттылықпен алған жөн. Мұндай щеткалардың көлемі әдетте екі тіске немесе 2,5 сантимерге тең. Қылшықтардың ұзындығы бір деңгейде болуы керек, қосымша пластик немесе силикон талшықтары бар щеткаларды қолданбағаңыз абзал.

Қандай тіс пастасын таңдау керек?

Гигиеналық тіс пастасына келгенде, оны қолдану керек пе, жоқ па, оны әркім өзі шешуге құқылы. Егер сіз тісті дұрыс техникамен және сапалы тіс щеткасымен тазалай алмасаңыз, онда паста мүлдем пайдасыз. Сонымен қатар, кейбір тіс пасталар ментол иісі не дәмімен болады. Ментол тілді ашытатындықтан сіз тіс тазалауды тезірек аяқтауға тырысып тісті дұрыс тазаламағаныңызды байқамайсыз. Оған қоса, балғындық және тазалық сезімі тістің тазалығынан емес, ментол хош иісінен пайда болады.

Сондықтан кейбір стоматологтар тіс пастасын күнделікті қолданыстан алып тастауды ұсынады. Бірақ адам тазалық пен балғындықты сезінгісі келсе, ауыз қуысын 2 рет тазалау керек: алдымен пастасыз тістеріңізді мұқият тазалап, екінші рет щеткаға тіс пастасының кішкене ғана бөлігін салып, қайта тіс жуу.

Еске салайық, бұған дейін ортодонт тісті күніне бір рет қана тазалаудың салдары қандай болатыны туралы айтқан еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жерден Күнге дейінгі арақашықтық қандай?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә