Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктив діни ағым өкілдері ұсталды

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктив діни ағым өкілдері ұсталды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктив діни ағымның жақтаушылары ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы өзбекстандық Отырар ауданында ұсталды. Ер адам өз елінде "Ұрлық" бабы бойынша көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген.

Бір тәуліктен кейін алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы тағы бір  өзбекстандық ұсталды.

Іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктив діни ағымның жақтаушылары ретінде есепте тұр. Оларға қатысты тиісті процестік шешім қабылданатын болады. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Гемоглобинді қалай көтеруге болады?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек