Астанада жантүршігерлік жол апаты болды: зардап шеккендер бар

Фото: Видео кадры

Астанада көлік адамдар тұрған аялдамаға соқтығысқан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 29 қыркүйекте сағат 08.31-де болған.

Mеrcedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолағын ауыстырып жатқанда сол бағытта келе жатқан Mazda көлігіне кедергі келтірген. Рөлді басқара алмай қалған Mazda көлігінің жүргізушісі аялдамаға соқтығысқан.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілді. Анықтама жүргізіліп жатыр. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Аудиал мен визуал деген қандай адамдар?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек