Билетті қайтару кезінде толық соманың бір бөлігін ұстап қалу заңды ма?

Билетті қайтару кезінде толық соманың бір бөлігін ұстап қалу заңды ма?
Фото: pixabay.com

Көбінесе жоспар өзгеріп, алдын-ала билет сатып алған іс-шараға бару мүмкін болмай қалады. Оны қайтару кезінде билет сомасының пайызын ұстап қалу заңды ма деген сұраққа заңгер Надежда Гельдт "Право знать" Telegram-арнасында жауап жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мысалы, сіз концертке билет сатып алдыңыз, бірақ болған жағдайға байланысты оларды қайтаруға мәжбүрсіз, бірақ сіз билетті сатып алған қызмет порталы толық соманың белгілі бір пайызын ұстап қалды.

Автор билетті сатып алмас бұрын, жария ұсыныс шартының талаптарымен танысу маңызды екенін атап өтті.

"Мысалы, билет сату бойынша сервистердің бірінің шартында бұл туралы нақты жазылған. 6.2-тармақта, егер билетті қайтарғыңыз келсе, номиналды құнның 10 пайызы ұсталынады деп көрсетілген. Сонымен қатар, алынған пайыз құны қызметтің номиналды құнының 30 пайызынан аспайды, сондықтан бұл тұтынушының құқығын бұзатын шарт емес. Билетті сатып алып, сіз осы шарттың талаптарына, атап айтқанда билетті қайтару кезінде алынатын пайызға да келісесіз", - деп жазды заңгер. 

Сарапшы шартта мұндай талап болмағанына қарамастан пайыз алынса, сатып алушы өз мүддесін қорғауға толық құқылы екенін нақтылады.

"Тұтынушы Cауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органына, сондай-ақ оның жергілікті бөлімшелеріне жүгінуге құқылы. Мысалы, сіз Алматы қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым жаза аласыз", - дейді арна авторы.

Тағы да оқи отырыңыздар: Трейд-ин деген не?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә