Желіде Атырауда "ит қапқан" қыздың адамшошырлық суреттері тарады: әкімдік пікір білдірді

Желіде Атырауда "ит қапқан" қыздың адамшошырлық суреттері тарады: әкімдік пікір білдірді
Фото: Әлеуметтік желі

Желіде Атырауда мектеп оқушысын ит қапқаны туралы ақпарат тарады. Қала әкімдігі өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

"Әлеуметтік желі арқылы Атырауда мектеп оқушысын ит қапқаны туралы ақпарат тарап жатыр. Ақпараттың жалған екенін айта келе, оқиға Шымкентте жол апатынан болғаны анықталды. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңыз сұралады! Жедел жәрдем қызметі мен облыстық балалар ауруханасында мұндай жарақатпен келген науқас тіркелмегенін қаперлеріңізге береміз!" - деді ол. 

Massaget.kz тілшісі қыздың қазіргі жағдайы туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау бақармасына сауал жолдады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек