Алматыда жылу қашан беріледі?

Алматыда жылу қашан беріледі?
Фото: elements.envato.com

"Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері Алматыда жылыту маусымы қашан басталатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, қалада жылыту маусымы метеорологиялық болжам мен ауа райының күнделікті мониторингі негізінде басталады.

"Алматының жылыту маусымына дайындық қағидаларына сәйкес уәкілетті органның қаулысы бойынша ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +8 градус және одан төмен болған кезде бес тәулік ішінде нысандарға жылу кезең-кезеңімен қосылады", - делінген хабарламада.

Жылу мына кезекпен қосылады:

  • балалар, ауруханалар, мектептер, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;
  • тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақүйлер;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • басқа ғимараттар.

Тағы да оқи отырыңыздар: От жағу қалай пайда болды? Оның маңызы туралы не айтасыңдар?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова