Павлодарда өгей әкесі 10 жастағы қызға бір жыл бойы қорлық көрсеткен: іс жабық режимде қаралады

Павлодарда өгей әкесі 10 жастағы қызға бір жыл бойы қорлық көрсеткен: іс жабық режимде қаралады
Фото: pixabay.com

Өгей әкесі бір жыл бойы алтыншы сынып оқушысын қорлаған, бұл іс Павлодар сотына түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

"НеМолчи.kz" қорының ақпараты бойынша ер адам 10 жастағы қызды және анасын өлтіремін деп қорқытқан. Өгей әкесі әуелі баланы шешіндірген, бірақ бір күні басқа балаларды үйден қуып жіберіп, мектеп оқушысына қорлық көрсеткен.

"Зорлық-зомбылық бір жылға созылған. Анасы бірде түнде оянғанда қызының жоқ екенін көрген. Қыз дәретханаға бара жатқан кезде оны ұстап алған", – деп хабарлады "НеМолчи.kz" қоры.

Іс қылмыстық істер жөніндегі облыстық мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті және жабық режимде қаралады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан