Түркістан облысында 40 жастағы әйел 11-баласын дүниеге әкелді

Түркістан облысында 40 жастағы әйел 11-баласын дүниеге әкелді
Фото: instagram.com/turkistandsb

Түркістан облысы 40 жастағы әйел 11-баласын дүниеге әкелді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 40 жастағы көпбалалы ана 11-ші сәбиін дүниеге әкелді.

Биыл 20 қыркүйекте №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы Айнагүлл Омарова отасыз 11-ші баласын өмірге әкелді. Орталықтағы дәрігерлер анасы мен сәбидің жағдайы жақсы екенін айтты.

Айнагүлдің отбасында 5 ұлы мен 5 қызы күтіп отыр. Үлкені 21-жаста. Отбасы 11-ші перзентіне Мұстафа деп есім берген.

Айнагүлдің жолдасы - Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлыжол ауылында бас имам. Ал Айнагүл бала күтіміне байланыста үйде отырады.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қай жеміс ең пайдалы?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек