Алматыда көлік жалдаған жігіт түнде алты бірдей көлікке соғылған

Алматыда жалдамалы көлікті тізгіндеген жас жігіт түнгі қаланы шулатты. Көлік жалдаған жігіт түнде алты бірдей көлікке соғылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

"Фольксваген" маркалы автомен батыс бағытқа бет алған 2004 жылғы азамат жолдағы қозғалыспен шатағы жоқ, тұрақта тұрған бір емес, алты бірдей көлікке барып соғылған. Оқиға түнгі он екі шамасында болды. Куәгерлердің сол сәтте түсірген видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Полиция кінәліні ұстады.

"Төрт адам зардап шегіп, медициналық мекемеге жеткізілі. Жол көлік оқиғасы дерегін Әуезов ауданы полиция басқармасының қызметкерлері өндіріске алды", - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!