Абай облысында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды

Семей қаласындағы "Теплокоммунэнерго" МКК қазандықтарының жылыту маусымына дайындығын тексеру барысында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Абай облысы әкімдігінің бастамасымен облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті және ҰҚКД бірлесіп, облыстық прокуратураның үйлестіруімен 2022 жылы қала қазандықтарын жөндеу кезінде қолданыста болған материалдарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады", - делінген хабарламада.

Облыс әкімі арнайы комиссия құрып, мердігер ұйымға жылыту маусымында Семей қаласын жылумен жабдықтау жүйелерінің үздіксіз жұмысы істеуі үшін жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімі белгіленді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!