"Керемет жұп екен". Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыс көпшілікті ойландырып қойды

"Керемет жұп екен". Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыс көпшілікті ойландырып қойды
Фото: instagram.com/amangeldieva_sara

Әнші, актриса Сара Амангелді той көйлегімен түскен видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әншінің оқырманы бұл жазбаға "Кино ма әлде шын өмірде ме?" деп пікір жазған.

Сара Амангелді бұл сұраққа "Кинода да және өмірде де бұйыртса" деп жауап берген.

Актрисаның оқырмандары бұл видеоға "Жақсы көрем осы қызды. Әр қазаққа Сарадай келін нәсіп етсін", "Келінжан" сериалында Асқар екеулеріңіз күшті жұпсыздар, маған қатты ұнайсыздар", "Тұрар бүгін басқа біреудің тойында отыр бүкіл блогер әншілермен", "Тұрар екеуі қосылса, керемет жұп екен. Бақытты болыңдар кімге кім қосылса да" деп пікір жазған.

Кейінірек Тұрар Ыдырыс сторисінде "ұзату тойда" түсірген видеоны бөлісті. Онда Сара Амангелді жүзігін көрсетіп, оның бетінен сүйеді.

Сара Амангелді кейінгі стористерінде "Кино ғой бұл", "Негізі өте жақсы жігіт" деп жазған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан