- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Азғындық әрекеттерін жасаған"....
"Азғындық әрекеттерін жасаған". Жеті жастағы қызға тиіскен 55 жастағы ер адам сотталды
Ташкентте көпқабатты үйлердің бірінде жеті жастағы қызға тиіскен 55 жастағы ер адам 18 жылға сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі kun.uz сайтына сілтеме жасап.
Қылмыстық іс бойынша сот 20 қыркүйекте жабық өткен.
Соттың жария етілген үкіміне сәйкес сотталушы Қылмыстық кодекстің 119-бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.
Айта кетейік, 7 маусымда әлеуметтік желіде ер адам 7 жастағы қыздың артынан келіп, тиіспек болғаны туралы видео тарады. Ер адам қызды қорқытып, интим жерлерін ұстап, азғындық әрекеттерін жасаған. Ер адам әлдекім есікті ашқан кезде қашып кеткен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина