"Дәрі қосу арқылы жасайды". Невролог тауықтың ең қауіпті жерін атады

"Дәрі қосу арқылы жасайды". Невролог тауықтың ең қауіпті жерін атады
Фото: ru.freepik.com

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында тауықтың қауіпті жерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, тауықтың ең қауіпті жері - сан еті (окорочка). Ол фермада сан етін дәрі қосу арқылы жасайтынын айтты.

"Өнімді микроскоппен зерттегеннен кейін бұлшықет талшықтары арасында кеңейтілген боялмаған кеңістіктер бар екені анықталды - бұл кез-келген дәріні енгізу кезінде болады. Сонымен қатар, өндірісте тауықтарға тез салмақ қосуға және тез өсуге көмектесетін гормондар беріледі. Бірақ тауықтар ауырса, оны зауыттан шығармай, керісінше емдейді. Бұл антибактериалды құрал арқылы жасалады", - деді Ұлжалғас Сманова.

Дәрігер тауықты арнайы дайындалатын ерітіндіге салып қоюға кеңес берді.

"Лимон шырыны (жарты лимон), 2 ас қасық ас тұзы және 1 литр тазартылған судан жасалған ертіндіде тауықты 120 минут ұстаңыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бір апта ет жемесе не болады?

А. Жапатова