Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды

Талдықорғанда облыстық полицияның жедел уәкілдері мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы шетелдік азаматтың орналасқан жерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанның тәртіп сақшылары бұл адамды ірі алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт іздеген.

"Қазір ол қамауда отыр. Оның ұсталғаны туралы ақпарат ҚР ішкі істер министрлігіне жолданды, - дейді Жетісу облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!