Павлодар облысында картоп тиелген КамАЗ аударылып қалды

Павлодар облысында картоп тиелген КамАЗ аударылып қалды
Фото: Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Павлодар облысында картоп тиелген КамАЗ аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы Омбы-Павлодар автожолында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қыркүйекте сағат 12:00-де "Реченька" бағбаншылығына қарама-қарсы бағытта КамАЗ жүк көлігі аударылып қалған. 

"Көлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көше жарығы тірегіне соғылған", - деп хабарлады департамент.

Жол апаты салдарынан жүргізуші медициналық көмекке жүгінді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан