- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ауыздағы жағымсыз иісті...
Ауыздағы жағымсыз иісті қалай жоямыз?
Ұйқыдан немесе тамақтан кейін ауыздан жағымсыз иіс шығу көп адамда кездесетін кең таралған құбылыс. Тісті тазалағаннан кейін жағымсыз иіс жоғалып, ұзақ уақыт бойы пайда болмаса, онда алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Алайда иістің күштілігі соншалық, тіпті тіс пастасы да көмектеспесе, бұл назар аудару керек ауыр синдром. Жағымсыз иістен қалай арылуға болатынын нутрициолог-дәрігер Аида Мұхтаровна өзінің TikTok парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ең алдымен, жағымсыз иіс не үшін пайда болатынын анықтап алайық. Маманның айтуынша, бұл құбылыстың бірнеше себебі бар. Олар ауыз қуыстағы тістің құрттауы, қызыл иектің қабынуы немесе пайдалы микробиотаның азаюы. Кейде асқазан-ішек жолындағы түрлі аурулар да ауыздағы жағымсыз иістің пайда болуына әкеледі. Дәрігер алғашқы қадам - жағымсыз иістің себебін анықтау керегін айтты.
"Бірінші мақсат сіздегі жағымсыз иістің неден пайда болғанын анықтау. Содан кейін қарапайым күнделікті таңертең және кешке ауыз гигиенасын сақтау маңызды. Әрбір тамақты 30-40 рет жайнау, асқазанның гипоацидтік жағдайы мен өт жолдарының жұмысын реттеу, асқазандағы қабыну ауруларын емдеу және ішектердегі дисбактериозды жою керек. Осы нәрселермен жұмыс жасағаннан кейін ауыз қуысындағы жағымсыз иістің алдын ала аламыз", - деді маман.
Демек іш-құрылыстағы мәселе сыртқа жағымсыз иіс арқылы шығады. Оларды емдемей, иістен құтылу мүмкін емес.
"Сондықтан күнделікті осындай қарапайым қағидаларды сақтап, сіз жағымсыз иістен оңай, әрі жеңіл арыласыз", - деп қорытындылады Аида Мұхтаровна.
@doctor_aidamukhtarovnaa инстаға тіркел: doctor_aidamukhtarovna #рекомендации #ауыздағыжағымсызиіс #нутрициолог ♬ оригинальный звук - Доктор Аида Мухтаровна
Тағы да оқи отырыңыздар: Тырнақ неге сына береді?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә