- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтөбеде депутат Мұратова...
Ақтөбеде депутат Мұратова көлікті мас күйде жүргізіп ұсталды
Ақтөбеде 53 жастағы депутат Lexus маркалы көлікті мас күйде басқарып, жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап,
Бұл іске қатысты материалдар сотқа жолданды. Әйел 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.
Lexus жүргізушісі қалалық мәслихат депутаты әрі кәсіпкер Сәния Мұратова екені анықталды. Сондай-ақ, Сәния Мұратова - әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.
20 қыркүйектегі мәлімет бойынша, әкімшілік сот бұл іс бойынша әлі шешім шығарған жоқ. Ақтөбе қалалық мәслихаты өкілдері бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Депутат Мұратова аумақтық сайлау комиссиясына өкілеттігін тоқтату туралы арыз жазды. Қолданыстағы тәртіп бойынша аумақтық комиссиядан мәслихатқа хат келіп түсті. Өтініш бойынша шешім мәслихат сессиясында қабылданады", - деп түсіндірді қалалық мәслихаттың төрайымы Анар Даржанова.
Сания Мұратова - кәсіпкер, отбасылық бизнесі бар, Life Style фитнес орталығын басқарады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ақ киімге жұққан сияны қалай кетіруге болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек