Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезінен секіріп, мерт болды

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезінен секіріп, мерт болды
Фото: elements.envato.com

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезінен секіріп, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

20 қыркүйекте Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды.

Алдын ала ақпарат бойынша, ол үйдің терезесінен құлап кеткен. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген.

"Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - деді Астана ПД қызметкерлері. 

Желі қолданушылардың бірі жасөспірімнің мектепте қорлық көрген соң өз-өзіне қол салғанын жазған. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Кейбір адамдар неге үнемі кешігеді?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек