Нұрлан имам "Жыл адамы" атағына ие болды

Нұрлан имам "Жыл адамы" атағына ие болды
Фото: instagram.com/nurlanimam.kz

Freedom Star Qazaqstan іс-шарасында елге танымал имам Нұрлан Байжігітұлы "Жыл адамы" атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Имамға "Жыл адамы" жүлдесі Алматыдағы арнайы іс-шарада табысталды.

Freedom Star Qazaqstan – инфлюенсерлерге берілетін жүлде. Бұл жолы іс-шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 500-ге жуық блогер қатысқан. Блогерлерге жүлде Business, Travel, Sport, Family, Beauty, Stand Up, Food, Entertainment, Kind Heart, News Maker және басқа да номинациялар бойынша берілді.

"Адамның емес, Алланың дегені болады. Құдайдың құдіреті деймін. Бір қатарда көрші болып, Нұрлан имаммен қатар отырдым. Құтты болсын, Нұреке. Сіз лайықтысыз", - деп құттықтау тілегін жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы имам Нұрлан Байжігітұлының жаңа қонысымен құттықтап, шашу шашқанын жазған едік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы