- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алматылық бүлдіршіндер балабақшаға...
Алматылық бүлдіршіндер балабақшаға тегін барады
Биыл 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік осал топтан шыққан отбасының балалары Алматыдағы мемлекеттік балабақшаларға тегін барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүлдіршіндер тегін тамақпен де қамтамасыз етіледі.
"Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде Алматы қаласы әкімдігінің қаулысымен 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар мемлекеттік бақшаларға тегін баратын болады. Сонымен қатар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектігі бар жандарға, мүгедектігі бар балаларға, көпбалалы отбасылардан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар тегін тамақпен қамтылады" - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте аудан әкімдігінің лауазымды тұлғасы бюджетті жымқырды деген күдікке ілінгені туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көздің асты неге іседі?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы