Астанада тұрғын үйлерлердің бірінің ауласынан 53 жастағы әйел өлі табылды

Астанада тұрғын үйлерлердің бірінің ауласынан 53 жастағы әйел өлі табылды
Фото: t.me/astanovka98

Астанада Қабанбай батыр даңғылындағы тұрғын үйдің ауласынан 53 жастағы әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап кетті. 

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, 19 қыркүйекте зорлық белгілері жоқ әйелдің денесі табылған.

"Марқұмның жеке басы анықталды. Ол - 53 жастағы астанамыздың тұрғыны. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция.

Тағы да оқи отырыңыз: Көздің асты неге іседі?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек