Астананы көк түтін баса ма? Вице-министр жауап берді

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов Астанадағы ЖЭО-ны газдандыруға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Журналист вице-министрден "Астанадағы Жылу электр орталығын газдандару жұмыстары қалай жүріп жатыр? Қыста елорданы көк түтін баспай ма?" деп сұрады.

"Астана бойынша жөндеу жұмыстары аяқталып жатыр. №3 ЖЭО-дағы төрт қазандыққа жөндеу жұмыстары көзделген. Соның екеуінің бастапқы жұмыстарын осы немесе келесі аптада бастаймыз. Демек №3 жылу орталығы биылғы қыста қосылады және жылу тапшылығы болмайды. Түтіндеуге келсек, оған жылу орталықтары ғана емес, жеке секторлар әсер етеді. Қала қаншалықты түтінсіз болатынын нақты айта алмаймын. Бірақ біздің мақсатымыз №1, №2 және №3 жылу орталықтары уақытылы газға қосып, тиісті жылуды қалаға беріп отыру", - деді Жандос Нұрмағанбетов .

Тағы да оқи отырыңыз: Адам тамақсыз қанша күн өмір сүре алады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!