Актер Жанболат Найзабек "Өнер қырандары" театрынан кету себебін түсіндірді

Актер Жанболат Найзабек "Өнер қырандары" театрынан кету себебін түсіндірді
Фото: видеодан алынған кадр

"Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабек 15 жыл қызмет еткен театрынан кетуіне орай  Massaget.kz тілшісіне арнайы пікір білдірді.

Өнер иесіне Ресейден арнайы шақырту келген. Актер 6 айға созылатын киноға түсу үшін келісімшартқа қол қойған. 

"Ресейден арнайы киноға ұсыныс түсті. Әзірге алты айға контракт ұсынып отыр. Орысша кино, өздері хабарласты. Бұл келісім Өнер қырандары театрының гострольдік сапарымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазан айының 20-ы жұлдызынан ақпан, наурыз айына дейін түсірілім жалғасады",-дейді актер.

Сондай-ақ, Жанболат Найзабек әлі шешім шықпағанын дегенмен оқырмандарына бір жауабын айтатынын жеткізді. 

"Әлі белгісіз. Сол жағдайдан кейін әлі телефоныма қараған жоқпын. Жақында кино түсірдім сол киноның премьерасына жүгіріп дайындалып жүрмін. Инстаграм шулап жатқаны анық. Көп оқырмандар кино алдындағы "хайп" деп топшылауы мүмкін. Солай болса жақсы болар еді. Менде білмеймін. Кешірек ресми түрде хабарлайтын боламын, - дейді актер Жанболат Найзабек.

Айта кетейік, бұған дейін актер Жанболат Найзабек 15 жыл қызмет еткен "Өнер қырандары" театрынан кететінін мәлім еткен болатын. 

Тағы да оқи отырыңыз: Жұлдыздар неге жиі ажырасады?

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы