Дәріні шәймен ішуге бола ма?

Дәріні шәймен ішуге бола ма?
Фото: envato.com

Сусындар дәрі-дәрмектің күшін әлсіретіп, ауыр жанама әсер тудыруы мүмкін. Бұл туралы токсиолог Алексей Водовозов Sputnik радиосына берген сұқбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрі-дәрмекті шаймен ішуге болмайды, өйткені сусынның құрамында жүрек глюкозидтері, эуфиллин, кодеин, папаверин құрамына кіретін кейбір заттарды байланыстыратын танин бар.

Маманның айтуынша, кез келген шай немесе шырынның құрамында препаратпен әрекеттесетін химиялық белсенді заттар бар.

Алексей Водовозов құрамында химиялық белсенді заттары бар кез келген сусын дәрінің әсерін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін екенін айтты.

"Мысалы, егер біз темір препаратын көк шаймен ішсек, темірдің биожетімділігі айтарлықтай төмендейді. Өйткені, шайдың құрамында алуан түрлі химиялық белсенді заттар бар. Олар дәрі-дәрмекпен өзара әрекеттескенде, оның салдары нашар болуы мүмкін. Бірақ егер сол темір перпаратын апельсин шырынымен ішсеңіз, препараттың биожетімділігі артады. Шырынның құрамында органикалық қышқылдар көп болғандықтан, темір әлдеқайда жақсы сіңеді", - деді Водовозов.

Дәрі препаратына арналған нұсқаулықта оны қандай сусынмен ішуге болатыны көрсетілген. Құжатта ұсынылған нұсқаулық бойынша әрекет ету керек деді токсиколог.

Айта кетейік, дәрі газдалған қантты сусынмен қосылса, антибиотикпен емдік шараның тиімділігін төмендететін құрамында темір бар заттар түзілуі мүмкін, сондықтан оларды бірге тұтынуға болмайды.

Сонымен қатар, дәріні алкогольдік сусынмен ішу дұрыс емес. Алкоголь мен кейбір дәрі-дәрмектің комбинациясы адам өмірін өлімге әкелуі мүмкін. Дәрі құрамындағы метронидазол ұзақ мерзімді депрессияны тудырады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә