- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Түрмеде отырар едім"....
"Түрмеде отырар едім". Сейфуллин Жолбарыс Бақыт Шадаевамен араздасуына не себеп болғанын айтты
Әнші Сейфуллин Жолбарыс әріптесі Бақыт Шадаевамен ара-қатынасы туралы "Ұйқым келмейді" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші әріптесі екеуі арасындағы айтылған алаяқтық туралы әңгіменің жалған екенін айтты.
"Жұрт айтып жүргендей арамызда үй де, жанжал да болған жоқ. Бақыттың хайп жасайын дегені ме, оны білмедім. Кезінде онымен бірге жұмыс істегенбіз. Әндерімді соған арнайы жазып, халықаралық байқауларда бірінші орын алып келген едік. Бұл әңгіме басталуына қасындағы продюсерлері себеп болған сияқты. Ешкім ешкімге қарыз емес. Шын мәнінде мен оған қарыз болсам, түрмеде отырар едім. Алаяқтық деген секілді арамызда ондай нәрсе болған емес. Бақыттан ешқашан үй алған емеспін", - деді Сейфуллин Жолбарыс.
Өнер иесі қазір де араласпайтынын атап өтті. Бұған әріптесінің өзге композиторлармен жұмыс істеуі себеп болған.
"Біз жерлеспіз, шешемнің руымен бірдей қоңыраттың қызы. Бірақ қазір араласпаймыз. Онымен араласу үшін күйеуі болу керек. Күйеуімен дос болғасын ғана араласуға болады. Әйел мен еркек дос болмайды ғой. Сондықтан, күйеуі жоқ әйелдердің қасында дос болып бармаймын. Шығармашылық достық та тоқтады. Себебі Бақыт басқа композитормен жұмыс істеп кетті. Ол да дұрыс. Әр әнші өзіне солай продюсер таңдау керек", - деді әнші.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тағы қазақ қызының еңбек жолы мен табысы туралы жарияланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мұғалімдер күніне құттықтау-тілектер керек
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы