Алматыда курьер пышақпен адамдарды қорқытқан

Алматыда тамақ жеткізумен айналысатын қызметкердің жанжалы видеоға түсіп қалған. Полицейлер курьерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеодан екі ер адам - ​​біреуі пышақ, екіншісі бақша құралын ұстап, жанжалдасқанын көруге болады. Себебі белгісіз. 

Алматы полициясы аталған факті бойынша Бостандық аудандық ішкі істер бөліміне Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. 1992 жылы туған П. есімді тұрғын ұсталды.

Видеода боқтық сөздер бар!

"Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қазіргі уақытта оқиғаның басқа да мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Олар әлеуметтік желіде курьер иттен қорқып, пышақ алып, адамдарды қорқыта бастағанын жазып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!