Қазақстандағы киік саны белгілі болды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы киік санын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көктемгі аэротүсірілім нәтижелері бойынша киіктердің Орал популяциясы 1 130 бас, ал Қазақстан бойынша, 1 миллион 915 мың бас болды. Болжамдарға сәйкес, биылғы жылдың аяғында киіктердің жалпы саны төлдеуді есепке алғанда 2,6 миллион болады. Бірақ, бұл ретте киіктердің көп болуы ауылшаруашылығында жайылымдар мен суару орындарында бәсекелестікті күшейтіп, егіннің бүлінуіне әкеп соғады", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким.

Оның айтуынша, кейінгі үш жылда Батыс Қазақстан облысы бойынша киікке байланысты әлеуметтік шиеленіс байқалды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл консультативтік кездесу өткізді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы киіктердің саны тұрақты тұтынушылық және тұтынушылық емес пайдалануды ақтайтын санға жетті", - деді ол.

Еске салайық, Экология министрлігі киіктерді атуға тыйымды 2024 жылға дейін ұзартты. Министрлік 2023 жылы киіктер популяциясын зерттеуді жоспарлап отыр. Мамандар киіктер популяциясының даму болжамын, жануарлардың таралу аймағы мен көші-қон жолын нақтылайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз