- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қоғамдық орында сүйіскендерге...
Қоғамдық орында сүйіскендерге қандай жаза қолданылады?
Елімізде қоғамдық орында былапыт сөйлеп, көлікте жыныстық қатынасқа түскендерге жаза бар. Ал қоғамдық орында сүйісетіндерге арналған қандай да бір шара туралы ақпарат жоқ. Дегенмен жастар әдепсіз қылық жасады деп шағымданатын адам көп. Сонымен қоғамдық орында сүйісетіндерге жаза қарастырылған ба? Заңгер жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңгер Бағдат Амандосұлының айтуынша, қоғамдық орында сүйісетіндерге заң қарастырылмаған. Бірақ жағдайдың куәгерлері нақты дәлелмен полицияға шағымданатын болса, тәртіп бұзушылар жазаланады.
"Полицияға арыз жазылған жағдайда Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша жазаға тартылады. Менің ойымша қоғамдық орында этикет бойынша олай істеудің қажеті жоқ. Бұл дұрыс емес", - деді заңгер.
Айта кетейік, ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу, ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды, мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер 20 АЕК мөлшерiнде айыппұл салуға не 5-10 дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.
Сонымен қатар, заңгер қоғамдық орында сүйіскендер кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала мен үлкен ер азамат болса заң бойынша жаза қолданылатынын айтты.
"Кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала мен ер адам сүйіссе, ҚР Қылмыстық кодекстің 124 бабы "балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша жазаланады.
Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырып, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Еске салайық, бұған дейін Астанада көшеде түкірген мыңнан аса тұрғынға 19 млн айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.
Тағы да оқи отырыңыз: Дастархан басындағы әдеп ережелері қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә