Алматының орталығында жастар жаппай төбелесті

Алматының орталығында жастар жаппай төбелесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматының орталық көшелерінің бірінде болған жастар арасындағы жанжалдың видеосы жарияланды.

Видео авторының айтуынша, оның ұлы мен екі досын бір топ адам ұрып-соғып, смартфонын тартып алған. Бір жігіттің бетіне оқ тигені айтылады.

Алматы полиция департаменті оқиғаның бейсенбіден жұмаға қараған түні болғанын хабарлады. Аталған факті Алмалы аудандық полиция бөліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта төбелеске қатысқандар мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан