- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мысыққа тамақ бергендей,...
"Мысыққа тамақ бергендей, мұрыннан шертпей-ақ, қойыңыздар". Ринат Заитов 85 000 теңге төлемді сынға алды
Мәжіліс депутаты Ринат Заитов Қазақстандағы ең төменгі жалақы 85 мың теңгені есептеп шығарғандарға шүйлікті. Бұл туралы ол Біздің мақсат бағдарламасында айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Депутат жұмыс берушілердің жалақы төлеудегі жүйесіне де шүйлікті.
"Жұмыс берушілер қанша төлейтінін өзі біледі дегенді айттыңыз. Бұл да сіздердің қателіктеріңіз. "Қазақтелеком" сіздердің заңдарыңызды пайдалана отырып, 2022 жылы берген есептеріне байланысты компанияның 4-ақ менеджері бір жылда 422 миллион 159 мың теңге сыйақы алған. Яғни әрқайсысы 105 миллион 530 мың теңге. 2021 жылы «Қазақтелекомның» 9 мүшесі 500 миллион 435 мың теңге сыйақы алған. Жан басына шаққанда 55 миллион 600 мың теңге", - деді ол.
Сондай-ақ ол ең төменгі жалақы деңгейі қандай негізге сүйеніп есептелгенін түсінбейтінін де айтты.
"Сіздер 85 мың теңге деген ақылға қонымсыз нәрсені қалай есептеп шығардыңыздар? Күнкөріс деген қарапайып арифметика ғой. Сіз 1 жастан 4 жасқа дейін өтемақы төлеп отырмыз дейсіз. Мысыққа тамақ бергендей мұрыннан шертпей-ақ қойыңыздар. Беріп отырғандарыңыз – бір балаға 13 800 теңге. Күніне 465 теңге шығады. Жөргектің өзі қанша тұратынын білесіз ғой. Сонда осы жете ме? Сіздер осындай есепті алып шығып, жоғарыдағы биліктің аузына салып бересіздер", - деді Ринат Зайытов.
Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне мәжілісте бірқатар депутаттық сауал жолдаған. Соның ішінде ең төменгі жалақы 85 мың теңгені қалай есептеп шыққандарын түсінбейтінін жеткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мәжіліс дептутатының бұл ойын қолдап, желі қолданушалары түрлі пікір қалдырған.
"Ай, ағам-ай, қадап-қадап айттың!", "Жетеді деген орынбасар ана әйел кісі ма ? 85000тг -ге бір кешкі ас ішетін секілді ғой", "Енді өзіңе ұқсадын Ринат. Жарайсын", "Маассаған осыны билікте отырып айтатын адам енді пайда болды ғой", "Бас кессең де тіл кеспек жоқ, дейтін қазақтың дара баласы, Ринат жарадың",-деп жазды олар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Е. Ерболұлы