- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысында жеті...
Маңғыстау облысында жеті мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген
Маңғыстау облысында жеті мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген. Оқиға Мұнайлы ауданындағы мектептерде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Енді олар осы күнге дейін мемлекеттен алып келген үстемақыны қайтаруға тиіс. Қазір іс бойынша материалдар сотта қаралып жатыр.
Тағы бір мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оған 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Жалпы биыл жергілікті колледжде жалған дипломмен сабақ берген сегіз оқытушы жұмыстан шығарылды. Ал былтыр осындай 14 қылмыстық іс қозғалған.
"Облыстық білім басқармасымен білім беру бөлімдерінде тиісті кездесулерді ұйымдастырып келе жатырмыз. Мұғалімдер — біздің болашақ мамандарды дайындайтындықтан, оларға мұндай фактінің алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізу ұсынылды. 2021 жылдан бастап алынған дипломдар интернет ресурсында көрінеді, яғни тексеріледі. Ал қалғандарын жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа қабылдаушы мекемелер тиісті оқу орнына сұраныс жолдау арқылы анықтауға болады", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Біржан Хайруллин.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан