Алматыда қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға болмайды?

Алматыда қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға болмайды?
Фото: elements.envato.com

Алматыдағы пәтер сатып алуға болмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала құрылысын бақылау басқармасы басқарманың анықтамалық каналына келіп түскен сұрақтар бойынша құжаттардың толық пакеті жоқ тұрғын үй кешендерінің тізімін толықтырды: 

  • "Бағанашыл" ТК

Бостандық ауданы, Мамыр ауылы, 138/2 уч., 138/3

Тапсырыс беруші: жеке тұлға

Сараптамалық қорытынды - жоқ;

ҚМЖ басталғаны туралы хабарлама - жоқ.

Мақсаты: бау-бақша өсіру үшін.

Бастапқы құжаттардың күшін жоюға талап арыз берілді.

  • Priority клуб үйі ТК 

Медеу ауданы, Жамақаев көшесі, 194

Тапсырыс беруші: жеке тұлға

ЭЖ - жоқ;

Сараптама - жоқ;

ҚМЖ басталғаны туралы хабарлама-жоқ;

Мақсаты: тұрғын үйді пайдалану және күтіп ұстау үшін.

Нұсқама бере отырып, ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды.

Нұсқаманы мәжбүрлеп орындау үшін сотқа талап қою басталады.

  • Sofia Village таунхаусы

Наурызбай ауданы, Қарағайлы шағын ауданы, Чапаев ШҚҚ, 1115/1 уч.

Тапсырыс беруші: жеке тұлға

СЖТ - жоқ;

ЭЖ - жоқ;

Мақсаты: жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін;

ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1-бөлігі бойынша шаралар қабылданды және құқық бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. 

  • "Питтсбург" ТК

Алатау ауданы, Дархан шағын ауданы, Сабатаев көшесі, 24

СЖТ - жоқ;

ЭЖ - жоқ;

Сараптама - жоқ;

ҚМЖ туралы хабарлама - жоқ;

Мақсаты: өнеркәсіптік және өндірістік ғимарат үшін.

ҚМЖ басталмады

  • Sky Park ТК

Медеу ауданы, Тайманов көшесі, 151

Тапсырыс беруші: Атриум Плюс ЖШС

СЖТ - жоқ;

ЭЖ - жоқ;

Сараптама - жоқ;

ҚМЖ туралы хабарлама - жоқ;

Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім бар

Нысаналы мақсаты: әкімшілік ғимаратты, қойма үй-жайларын, асхананы, гараждарды және ағаш ұстасы слесарьларын, дәнекерлеу цехтарын пайдалану және қызмет көрсету үшін

ҚМЖ басталмады.

Ведомство жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Whatsapp желісіндегі +7 705 89 66 000 анықтамалық нөмірі бойынша Қала құрылысын бақылау басқармасы арқылы салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құжаттар пакетін толық тексеруді ескертті.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан