Шығыс Қазақстан облысының полицейлері құны 43 миллион теңге болатын 54 жылқыны ұрлаған Абай облысының тұрғынын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі
Ұлан ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шаруа қожалығы иесінің туысы 54 бас ірі қара мал ұрлап кеткені туралы хабар берген. Оның айтуынша, сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін ауданның бір ауылындағы жайылымынан бейтаныс адам оның таңбаланған бір табын жылқысын алып кеткен.
Сонымен қатар өтініш беруші биелердің бірінің мойнында JPS трекері бар екенін айтты, ол құрылғы арқылы жәбірленуші жануардың орналасқан қай жерде екенін тексерген, бірақ құрылғы ажыратылған екен. Келтірілген залал 43 миллион теңгеден асады.
Сигнал алғаннан кейін тәртіп сақшылары дереу іздеуге кірісіп, аумақты тексеру үшін тікұшақ пен дрон да жұмылдырылған.
Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде GPS трекері бар биенің басынан атып өлтірілгені анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тәртіп сақшылары күдіктіні ұстады. Ол Абай облысының бұрын сотталған 46 жастағы тұрғыны екені анықталды. Күдікті тұратын үйді тексеру және тінту жүргізу кезінде құқық қорғау органдары мал қорасынан заттай дәлелдемелерді тәркіледі.
Аталған факті бойынша Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 4-бөлігі ("Мал ұрлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.
Қазіргі уақытта сот сараптамалары тағайындалды, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!