- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ерұлан Жамаубаев ұсталды":...
"Ерұлан Жамаубаев ұсталды": Қаржы министрлігі Желіде тараған суретке қатысты пікір білдірді
Қаржы министрлігі өкілдері қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың әлеуметтік желіде тараған "полицейлерге ұсталған" суретіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың суреті пайда болды. Суреттің астында министрді белгілі бір "Қазақстан банкі" сотқа бергені туралы мақалаға сілтеме берілген.
Қаржы министрлігі баспасөз қызметі өкілдері министрге қарсы сот ісі туралы ақпарат, сондай-ақ, оның "ұсталғаны" туралы суреттің жалған екенін хабарлады.
"Желіде қоғамдық тәртіпті бұзатын жағдай жасауға, сондай-ақ, азаматтардың құқығы мен заңды мүдделеріне, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіруге бағытталған көрінеу жалған ақпарат тарап жатыр. Осы құқыққа қайшы әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Еске салайық, бұған дейін алаяқтар қаржы министрі Жамаубаевтың жалған сұхбатын таратқаны хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә