- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында үш...
Жетісу облысында үш жасөспірім із-түзсіз жоғалып кеткен
Жетісу облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған үш жасөспірімді іздеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімді іздестіру жұмыстарын бастады. Облыстық департамент пен аудандық полиция қызметкерлерінің іздестіру топтары еліміздің үш өңірінде – Талдықорған, Алматы қаласы және Алматы облысында іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"15 жастағы Ақерке Жолдасова 6 қыркүйекте жоғалып кетті. Болжам бойынша, мектеп оқушысы кәмелетке толмаған Амир Тергеуовтың жанында (16 жаста, 6 қыркүйекте жоғалып кетті) болуы мүмкін, оның туыстары да оны іздеуге көмектесу үшін полицияға арыз жазды. Мұқан Кенжебек, 17 жаста. 8 қыркүйекте жоғалып кетті. Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері әлі анықталған жоқ", - делінген хабарламада.
Іздестіру іс-шаралары Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының ерекше бақылауында екені айтылды.
"Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда мына телефондарға: 8 /7282/ 608-008, 705-110-5557 немесе “102” нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Шәріпхан