- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Оқушылардың мектепке ұялы...
Оқушылардың мектепке ұялы телефон әкелуіне бола ма?

Оқу-ағарту министрлігі өкілі оқушылардың мектепке ұялы телефон әкелуіне бола ма деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, оқушылар мектепке ұялы телефон әкеле алады, бірақ оны сабақтан бос уақытта ғана пайдалануға болады.
Сондай-ақ, 2023 жылғы наурызда НҚА сайтында оқу-ағарту министрінің бұйрығы шыққан еді.
"Смартфонды мұғалімнің шешімі бойынша сабақта қолдану қажеттігі тумаған жағдайда, білім алушылар мен педагогтар сабақта пайдаланбайды", - делінген бұйрық мәтінінде.
Екі жыл бұрын білім және ғылым экс-вице-министрі (қайта құрылған министрлік - еск.) Шолпан Каринова мектеп смартфонды пайдаланып-пайдаланбау туралы шешімді өз бетінше қабылдай алатынын мәлімдеген еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә