500 мыңнан миллион теңгеге дейін. Жеканың тойындағы беташар жұртты таңғалдырды

500 мыңнан миллион теңгеге дейін. Жеканың тойындағы беташар жұртты таңғалдырды
Фото: әлеуметтік желі

Zheka_Fatbelly лақапатымен танымал блогер Жеңіс Омаров үйленіп, дүркіретіп той жасады. Тойда беташар да ерекше өткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогерлер мен танымал өнер жұлдыздарының әлеуметтік желідегі видеоларынан ортаға сандық әкелінгені көрінеді. Ал беташарды Қабдол мен Жандос секілді танымал әзілкештер жүргізген.

"Минимум 500 мыңнан саламыз. Ең көп ақша салынған беташар!" - дейді Қабдол мен Жандос видеода.

Сонымен қатар, кадрлардан Бейбіт Әлібеков, The Limba 500 мың теңге, ал кәсіпкер Ұлықбек Шарипов 1 миллион теңге салғаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кабдол Тлеков (@kabdol)

Желі қолданушыларының бір бөлігі бұл іс бос мақтан екенін айтса, енді бір тобы жағдай жетсе, бергеннің артығы жоқ екенін жеткізген.

"Ақша салып жатқан өздері, сендердің не шатақтарың бар? Салса достары көтеріп жатыр. Іші тар адамдар іштерің күйсін. "Жақсымен дос болсан жеткізер мұратқа" дейді. Красавчик, салсын, байыса, қазақ байысын", "Не мақтаныш, беташарды да бизнеске айналдырып, дұрыс емес, салт дәстүрді мазақ етпей, басқа жақтарыңды дамыта берсеңдер!", "Беташар тойдың түпкі мәні қалмаған! Ақша жарысып жатыр", "Жека бауырыма ризамын, еңбеке ерте араласып осындай достар тауып, еңбектің арқасында осындай той жасау, үлкен еңбек", "Бар болса неге бермеске, достары молодец", - дейді олар.

Айта кетейік, бұған дейін Zheka Fatbelly лақапатымен танылған Жеңіс Омаров сүйіктісіне ұсыныс жасағанын жазған едік. кейін Zheka Fatbelly-дің қалыңдығы кім екені белгілі болды. 

Бір сандық ақша, ерекше беташар, кеме. Zheka-ның тойы қалай өтті?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова