"Осынша кітапты атамыз Қазақстанда жаза алар ма еді?" Жазушы Мұхтар Мағауиннің енді қайда көшетіні белгілі болды

"Осынша кітапты атамыз Қазақстанда жаза алар ма еді?" Жазушы Мұхтар Мағауиннің енді қайда көшетіні белгілі болды
Фото: magauin.com

Жазушы Мұхтар Мағауин Түркияға көшіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Сапарбек Нағашыбеков Facebook-парақшасында бөлісті. 

"АҚШ. Мұхтар Мағауин атамыз Түркияға көшіп бара жатыр. Бүгін үйіне шақырып шәй берді. Бәріміз ақ жол тіледік. Атамыз аман болсын, жүз жасасын. Енді Қазақстанға жақын тұратын болады. Қуанышты хабар! Атамыз "Алтын Орда" кітабын екі жыл жазып, бітіріпті. 83 жасында да, ұлтқа қызмет етіп, "қазаққа мұра болып қалсын" деп дүниелер жазып жүр. Оның алдында Шыңғыс хан кітабын 7 жыл жазып еді. Атамыздың осы зор еңбегін болашақта қазақтар бағалайтын болады деп сенемін. Қазақтың тарихында жазған дүниелері (кітаптары) 26 томға жеткен мықты, жалғыз жазушы. Енді мұндай жазушы болашақта қазақта бола ма екен?! Шетелде тұрмағанда осыншама кітапты атамыз Қазақстанда жаза алар ма еді?" - деп жазған ол. 

Сапарбек Нағашыбековтің айтуынша, Мұхтар Мағауиннің ұлы Түркияда тұрады. Оған қоса, қария Қазақстанға жақын көшкісі келген. 

facebook.com

Желі қолданушылары жазуға тілек тілеп, пікір қалдырған.

"Көш көлікті болсын. Жаңа қоныс құтты болсын! Түркияның ауа райы қарияға жағымды болуға тиіс. Күн мен теңіз пайдалы ғой", "Көш көлікті болсын, ақсақалдың денсаулығы мықты болсын", - деп жазған олар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек