- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Таңғы күнделік": күніне...
"Таңғы күнделік": күніне 15 минут арнау арқылы мазасыздықтан арылуға болады
Күніне 15 минут арнау арқылы мазасыздықтан арылып, байсалды, және бақытты бола түсуге бола ма? Психологтар "таңғы күнделік" техникасы арқылы өміріңізді өзгерте аласыз дейді.
"Таңғы күнделікті" қалай жазу керек?
Бұл техника жұмыс істеу үшін қарапайым ережелерді сақтау керек.
Біріншіден, міндетті түрде қолмен жазуыңыз керек: гаджеттерді қолдануға болмайды. Қол эмоциялар мен механикалық әрекеттің арасындағы байланыс болуы керек.
Екіншіден, күнделікті ұйқыдан тұра сала жазу керек. Ми бұл кезде кедергілер мен сүзгілер қойып үлгермейді, Тіпті, аздап ұйқышыл кезде бола береді. Бұл кезде барынша босаңсыған күйде болуыңыз керек. Ол үшін төсегіңіздің жанына қалам мен күнделікті қойып жатуға болады. Сол кезде таңертең көзіңізді аша сала қолыңызға қалам аласыз.
Үшіншіден, 3 беттен аз жазуға болмайды. Ойларыңызды ретке келтіру үшін осыншама бет керек. Не жазып жатқаныңызды бақылауға тырыспаңыз, бір-бірімен байланысты мәтіндер болуы да міндетті емес. Ол ойлар үзіндісі, сезімдеріңіз немесе жоспарларыңыз болуы мүмкін. Сізге оны оқып, оған анализ жасау керек емес.
"Таңғы күнделіктің" пайдасы
Бұл медитацияны алмастыра алатын техника. Ол сананы тазартуға, басыңыздағы үзіліссіз диалог пен ойлар ағынын тоқтатуға көмектеседі. Басыңыздағы артық нәрсені қағазға түсіру арқылы басты және қажетті нәрсеге зейін қоясыз.
Сондай-ақ таңертең күнделік жазу тынышталуға және мазасыздықты азайтуға көмектеседі.
Сол секілді алғыс күнделігін жазуға болады. Ол күні бойы шабытты, позитивті жүруге көмектеседі. Алғыс күнделігі күнделікті өмірде мүмкіндіктерді, жақсылықтарды көруді үйретеді.
Қазір өзгерістерге бейімделе білу және заман талабына сай жаңа нәрселерді үйрену — жақсы қасиет. Алайда адамзат прогресі әрқашан жақсаруға әкеле бермейді. Мысалы, соңғы кездері әлемде көпшілікті ойландыратын тенденция байқалуда: адамдар қолмен жазудан бас тартып жатыр. Қолмен жазуды тоқтатудың жағымсыз салдарлары жайлы біле жүріңіз.
А. Жапатова