"Аяғынан шалып, күндегенге мәзбіз". Ардақ Назаров Дәулет Тұрлыхановқа қатысты пікір білдірді

Фото: Видео кадры

Қазақстандық спортшы, Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Дәлет Тұрлыхановтың ұлына қатысты оқиғаға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Дәулет аға - Қазақтың батыры! Нағыз ер! Нағыз азамат! Расын айтсақ, ол кісіге мансап та, дүние де қажет емес. Бір басына жетерлік абырой-беделі мен дүниесі бар.

Қызметке келген мақсаты біреу - елінің жыртығына жамау болу…
Кеше Жақсылық ағамыз өмірден озды, орны ойылып қалды. Тірісінде қадірін біле алмадық. Ендігі ол кісінің ізбасары Дәулет аға сынды елім деген ерлер. Дәулет аға басқа елге барса, олар тікесінен тік тұрады, азаматтың қадірін біліп, төбесіне көтереді", - деп жазған ол. 

Спортшы Дәулет Тұрлыхановтың абыройына нұқсан келтіріліп жатқанына налыды. 

"Ал бізші? Азаматымыздың абыройына нұқсан келтіріп, жанұясын жарыса жарнамалап, аяғынан шалып, ар-намысына тиіп, күндегенге мәзбіз. Бұлай жасау ұлтымыздың болашағы үшін қауіпті. Кейінгі уақытта елінің сөзін сөйлейтін, қазағына жанашыр тұлғалардың сөздерін бұрмалап, арнайы видеолар дайындап, дұрысты бұрыс етіп көрсететін топтар пайда болды. Олардың арам ниеті мынау. Еліне жанашыр, халқына қамқор болып жүрген азаматтарды қарапайым халыққа теріс етіп көрсетіп, абыройын түсіріп, тәуелсіздігіміз бен бірлігімізге нұқсан келтіру ғана. Ойланайық Қазағым…" - деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ARDAK NAZAR (@ardaknazarov)

Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрды деп айыпталғаны хабарланған еді. Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады.

"Кім баласын жаман болсы дейді. Ересек балалар. Білген жоқпын. Өздері разберутся. Бір-бірін сонша қатты жақсы көретін шығар", - дейді Тұрлыханов.

Кейін депутат Facebook-парақшасында оқиғаны түсіндіріп, пікір білдірді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Бөлек