Астанада қарыз үшін дауласқандар бір-біріне оқ атқан

Астанада қарыз үшін дауласқандар бір-біріне оқ атқан
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана полицейлері төбелеске қатысушыларды анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 қыркүйекте полицияға оқ жарақаты дерегі туралы хабарлама түскен. Таныс адамдар қарыз үшін сөзге келіп қалып, оның соңы төбелеске ұласқан. 31 жастағы ер адам травматикалық тапаншадан оқ атып, жасырынған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан адамдарды анықтады.

Қылмысқа қатысы барларды ұстау бойынша шаралар жүргізіліп жатқаны белгілі болды. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова