- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Бір-бірін қатты жақсы...
"Бір-бірін қатты жақсы көретін шығар": Тұрлыханов қызды итеріп жіберген ұлы туралы айтты
Фото:
© olympic.kz
Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты дауға пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды итеріп жібергені туралы видео тараған еді. Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан оқиғаға қатысты пікір білдіруін сұрады.
"Кім баласын жаман болсы дейді. Ересек балалар. Білген жоқпын. Өздері разберутся. Бір-бірін сонша қатты жақсы көретін шығар", - дейді Тұрлыханов.
Сондай-ақ, журналистер одан отставкаға кету туралы сұраған.
"Уақыт көрсетеді", - деп жауап берді депутат.
Еске салайық, бұған дейін депутат Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлы қызды ұрды деп айыпталғаны хабарланған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова