Ақмола облысында сотталғанға ​​азаптау әдісі қолданылған: ҚАЖД басшысы қызметтен шеттетіледі

Фото: Видео кадры

Желіде Ақмола облысындағы мекемелердің бірінде сотталғандарға күш пен арнайы құралдар қолданылғаны туралы видео тарады. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысын қызметтен шеттету ұсынылды. Бұл ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 

Бұған дейін Желіде полиция киімін киген бірнеше адам ер адамды ұстап алып, бетін төмен қаратып еденге жатқызғаны, кейін олардың бірі резеңке таяқпен бар күшімен құйрығынан бірнеше рет ұрғаны көрсетілген видео тарады. Видеода сотталушы "ағасының кеңесімен" мекемедегі дәретхананы тазалаудан бас тартқаны айтылады.

ҚАЖК мәліметінше, Желіде жарияланған видеода "қызметкерлер қызметтік бабын асыра пайдаланған".

"Әлеуметтік желілерде жарияланған видеоға сәйкес, Ақмола облысы бойынша түзеу мекемесі әкімшілігінің заң талаптарына бағынбау дерегінің жолын кесу кезінде арнайы құралдарды қолдану арқылы қызметтік бабын асыра пайдалану белгілері байқалғанын хабарлаймыз. 

Қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша тәртіптік комиссияның шешімімен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығын мен оның орынбасарын, сондай-ақ, колония бастығын қызметтен шеттету ұсынылды", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ІІО-дан құқықбұзушылыққа қатысы бар 11 қызметкерін жұмыстан шығару ұсынылды.

Қазір прокуратура соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек