Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды

Тимур Құлыбаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев "Олимпизм 365" Халықаралық Олимпиада комитеті комиссиясының мүшесі болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық Олимпиада комитеті президенті Томас Бах тиісті хатты Ұлттық олимпиада комитетіне табыстады.

"Биылға арналған ХОК комиссиялары құрамын қарап, мен сізді "Олимпизм 365" ХОК комиссиясының мүшесі етіп тағайындауға шешім қабылдағаныма қуаныштымын. Комиссия жұмысына қосқан құнды үлесіңіз үшін алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Тимур Құлыбаев - 2022 жылдан бастап "Олимпизм 365" ХОК комиссиясының мүшесі. Бұрын ол спорт арқылы қоғаммен байланыс және әлеуметтік даму жөніндегі комиссия деп аталған еді, онда ҚР ҰОК президенті 2017 жылдан 2022 жылға дейін комиссия мүшесі болды. 2022 жылғы қыркүйекте ХОК президенті Томас Бах ХОК комиссияларының қызмет бағыттарын қайта қарау және кеңейту нәтижесінде оның атауын "Олимпизм 365" ХОК комиссиясы деп өзгертті. 

Ал Тимур Құлыбаев 2023-2026 жылдар кезеңіне Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) вице-президенті лауазымына қайта сайланды. Сондай-ақ, ол - Ұлттық Олимпиадалық комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) атқарушы комитетінің мүшесі. 

ХОК комиссия мүшелерін ХОК президенті Томас Бах тағайындайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова