Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов лауазымынан босатылуы мүмкін

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов лауазымынан босатылуы мүмкін
Фото: gov.kz

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов лауазымынан босатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының отырысы өтеді. Онда Шымкент қаласы әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі қаралады.

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы  №912 Жарлығымен бекітілген "Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және Астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және Астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беру" қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының жиналысы өтеді", - делінген қалалық мәслихат хабарламасында.

Мұрат Дүйсенбекұлы 1981 жылы дүниеге келген. Мұрат Әйтенов С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын, Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университетін және М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы - инженер, заңгер.

Еңбек жолында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде, ҚР Президенті Іс Басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысы, ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары және Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

2020 жылдың 21 қаңтарынан бастап Шымкент қаласының әкімі. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова