"Аптапта сусыз отырдық". Бір млрд теңгеге тартылған су құбыры ауылды суға жарытпай отыр

Аймақтағы Сағыр ауылының жұрты жаздай су тапшылығын көргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Аталған тақырып осыған дейін де қозғалған еді. Дегенмен жергілікті билік су тарту жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасып жатқанын айтып, көпшілікті сабырға шақырды. Осы ауылдың тумасы Айжан Камзинаның сөзінше, мәселе ала жаздай толық шешімін таппаған. Тіпті аптап ыстықта сусыз отырған көрінеді. 


“Көбінесе “Бірқабатты Шығыс” бағдарламасы арқылы салынған үй тұрғындарына қиын. Амалсыз көршілерге жүгінеді. Ауылда су үшін ақша төлеуге мәжбүр болдық. Қатты ұялдық”, - деді ол.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, су құбыры жаз басында тартылған. Бұған бюджеттен бір млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Алайда 400 үйден тек 100-ден астам түтін орталықтандырылған ауызсуға қосылуға әзір. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Руслан Кисембиновтың сөзінше, су құбыры коммуналдық мекемеге тапсырылған соң мәселе түбегейлі шешіледі.


“Елдімекен жауын жаумаса шаңнан арылмайды. Ауызсу жоқта жуынудың өзі бір машақат. Болмаған соң арасында Өскемендегі туысқандарымыздың үйіне барып, душ қабылдадық”, - деді өзін Абзал деп таныстырған тұрғын.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!